Жетісу облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігіне аудит жүргізілгеннен кейін жауапкершілікке тартылды.
Жоғары аудиторлық палатасының (ЖАП) баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік аудит өңірде бірқатар жүйелік проблемалар мен бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, абаттандыру және инженерлік желілер бойынша жұмыстардың кешіктірілуі дайын тұрғын үйге қоныстану мерзімдерінің бұзылуына әкелді.
«Панфилов ауданында 60 пәтерлік төрт және 80 пәтерлік екі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмай тұрды. Олардың жалпы құны шамамен 5,8 млрд теңгені құрайды», - делінген хабарламада.
Аудит қорытындысы бойынша Жетісу облысының әкіміне бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапкершілікке тарту тапсырылды.
Нәтижесінде 2 адам атқаратын лауазымдарынан босатылды, тағы 6 адамға сөгіс жарияланды, 2 адамға ескерту берілді. Сонымен қатар, 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ЖАП анықтаған болатын, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» (ӘМСҚ) КЕАҚ 2022-2023 жылдардағы тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша миллиардтаған бұзушылықтар.
Фонд-бюро расследования коррупции