Skip to main content

Жетісу облысында көпқабатты үйлердің құрылысы кезіндегі жымқыру тергелуде

Submitted by Вера Александрова on

Департамент Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Жетісу облысы бойынша тұрғын үйлерді салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы тапсырыс беруші мен мердігер ұйым жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге екі көпқабатты үй салуға келісімшарт жасасқан.

Орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылғанына қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстарының бір бөлігі іс жүзінде орындалмаған. Жоспарланған тоғыз қабаттың тек жетісі салынған. Сонымен қатар ғимараттарда жылу, сумен жабдықтау, электр жарығы бойынша жұмыстар жүргізілмеген, сондай-ақ сыртқы әрлеу жоқ.

«Осылайша, құрылыс аяқталмады, пайдалануға беру мерзімдері бұзылды. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 152 млн теңгеден асты», - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен құрылыс салушының мүлкіне тыйым салынды. Іс бойынша мердігер ұйымның директоры, сондай-ақ құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асырған компания қызметкерлері күдікті ретінде өтуде. Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, елордалық "Sirocco Club" тұрғын үй кешенінің ондаған үлескері олардың төленген пәтерлеріне құқығынан айыру әрекеті туралы мәлімдеуде. Тұрғын үйді толық төлеуге және барлық растайтын құжаттардың болуына қарамастан, адамдарды жаңа тұрғын үй кооперативіне қабылдамайды, бұл олардың мүлкін қайта сату қаупін тудырады.