Мемлекеттік кірістер комитеті «ҚР өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккен тұлғалар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы» бұйрық дайындады.
press.kz хабарлағандай, бұйрық «Ашық НҚА» сайтында 2024 жылдың 29 сәуіріне дейін орналастырылды. Оған сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 1 шілдеге дейін бюджетке төленетін барлық міндетті төлемдерді, сондай-ақ 2024 жылғы 1 наурыздан 30 маусымға дейінгі кезеңде туындайтын әлеуметтік төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылады. Салық есептілігін тапсыру мерзімі де 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады.
«Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін қамтамасыз етуді және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылады. Мемлекеттік кіріс органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындау мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады, бұл мерзімдер 2024 жылғы 1 наурыздан 30 маусымға дейінгі кезеңде туындайды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін салық тексерулерін тағайындау тоқтатылады. Сондай-ақ, 2024 жылғы 1 наурыздан 1 шілдеге дейін мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу тоқтатылады.
Фонд-бюро расследования коррупции