Skip to main content

«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд бөледі

Submitted by Вера Александрова on

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 200 үй салады. Сондай-ақ су басқан аймақтардан эвакуацияланғандарға көмек ретінде кемінде 5 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі өзінің Telegram-парақшасында хабарлады.

«Тұжырымдамаға сәйкес, қордың мақсаттарының бірі – төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету. Осыған байланысты қор Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқынынан зардап шеккендер үшін үйлер салуды жалпы сомасы 5 млрд теңгеге қолдайды. Қайырымдылық көмек көрсетудің шарты жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеруі және тиісті сараптамалық ұйымдардың ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тану фактісі болады. Растайтын құжаттар алынғаннан кейін қор ішінде шешімді бекітудің тиісті рәсімдері жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2022 жылғы сәуірде БҚО Қаратөбе ауданында қайырымдылық көмек көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, Қор су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін осындай 200 үй салуды жоспарлап отыр. 

Сонымен бірге Ақорданың баспасөз қызметі 30 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ-ға байланысты кеңес өткізгенін хабарлайды. Тақырып – еліміздің өңірлеріндегі су тасқыны. 

Президент үкімет пен әкімдердің әрекетін немқұрайлылық пен кәсіби еместігі үшін қатаң сынға алды. Оның айтуынша, үкімет пен жергілікті атқарушы органдар үйлесімсіз әрекет етеді – үйлестіру жоқ. 

Уақтылы шара қабылдамағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс жариялады. 

Сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері қызметтік сәйкессіздігі туралы ескерту алды, Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар облыстары және Абай облысының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды. 

Бұдан басқа, мемлекет басшысы премьер-министрдің жетекшілігімен Республикалық штаб құруды, сондай-ақ барлық өңірлерде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Мемлекеттік құрылымдарға табиғи апаттан келтірілген залалды бағалау жүктелді.