(2 ақпан 2026 | Дереккөз: ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі)
Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген екі шетел азаматын іздеу жариялады. Тергеу нұсқасы бойынша, олар онлайн-казино қызметін бағынышты компаниялар желісі және төлем операторлары арқылы үйлестірген.
ТЕРГЕУ НҰСҚАСЫ
Тергеу деректері бойынша, «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен адамдар тобы жүзеге асырған. Дружинский Дмитры (АҚШ азаматы) және Левкович (Гинзбург) Марина (Украина азаматшасы) үйлестірушілер функциясын атқарған: көмекшілерді іріктеген, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен байланыс жасаған, сондай-ақ төлем инфрақұрылымын құру мен оның жұмыс істеуіне қатысқан.
Қызметті жасыру үшін «PIN-UP-KZ» брендімен букмекерлік қызметке лицензия алған «Бонами» ЖШС заңды тұлғасы құрылған.
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС СХЕМАСЫ
Төлемдерді өңдеу және ақша қаражатын жинақтау үшін төлем агрегаторлары рөлін атқарған төлем ұйымдарының желісі тіркелген: «Gold Pay» ЖШС, «Cyber Pay» ЖШС (кейін — «Pinnacle Financial Solutions» ЖШС).
Клиенттердің ақшасы транзиттік шоттар арқылы өтіп, электронды ақшамен операцияларға лицензиясы бар бағынышты компанияларды пайдалана отырып, криптовалютаға айналдырылған.
Фонд-бюро расследования коррупции