Skip to main content

«S-Group» қаржы пирамидасының салымшылары Астанада 136 млн теңгеден астам шығынға ұшырады

Submitted by Вера Александрова on

Астананың Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) департаменті «Sincere Systems Group LTD» («S-Group») қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізеді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, «S-Group» компаниясы өзін Forex нарығында, майнингте және ішкі SWP және SWCT криптотокендерімен сауда жасауда сенімгерлік басқару қызметтерін көрсететін британдық инвестициялық қор ретінде таныстырған. Салымшыларға айына 15-тен 20%-ке дейін немесе жылына 120-дан 180%-ке дейін кіріс уәде етілген.

Инвестициялық қызметтің көрінісін жасау үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинеттерге кіру мүмкіндігі берілген, онда виртуалды депозиттер, есептеулер және кірістіліктің өсуі көрсетілген. Іс жүзінде салымшылардан алынған қаражат инвестицияланбаған және күдіктілер оны жеке мақсаттарында пайдаланған.

Келтірілген залал сомасы 136 млн теңгеден асқан. Ұйымдастырушылар қылмыстық кірістерге Астанада екі пәтер және екі автокөлік сатып алған. Көрсетілген мүлікті күдіктілер ықтимал тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамдарға ресімдеген.

Сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кетпеу туралы қолхат және тиісті мінез-құлық таңдалды.

Еске салайық, бұрын хабарланғандай, ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Келтірілген залал сомасы 52 млн теңгеден асқан.