(2026 жылғы 12 ақпан | Дереккөз: Polisia.kz)
Павлодар облысында полицейлер Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз саудалауға күдікті бір топ адамды анықтады. Тергеу нұсқасы бойынша, құстар Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында ұсталған. Ұсталғандардың арасында ұлттық парк қызметкерлері де бар.
ҰЛТТЫҚ ПАРК АУМАҒЫНДАҒЫ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Тергеу басталғаннан бері 17 тінту жүргізіліп, оның барысында 40-тан астам құс, 5 дана оқ атар қару, 200-ге жуық оқ-дәрі, сондай-ақ құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар тәркіленді. Сонымен қатар, бірнеше дана лақтырмалы және суық қару табылғанын Polisia.kz хабарлайды.
Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала мөлшері 120 млн теңгеден асты.
ТЕРГЕУ БАРЫСЫ
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық ұсталған адамдар қамауға алынды.
Фонд-бюро расследования коррупции