Skip to main content

«Ет комбинатының директорын 3 млрд теңге ұрлады деп айыптауда»

Submitted by Вера Александрова on

Қостанай облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Департаменті ет өңдеу кәсіпорны «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС директорының басшылығымен бір топ адамдарға қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген, мемлекетке келтірілген залал 3 млрд теңгеден асқан. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер 107 млн теңгені өтеді. Құқық қорғау органдары оларға тиесілі, бағасы 3,1 млрд теңгеге бағаланатын мүлікті тәркіледі.

«Жалпы қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, оның ішінде 13-і ұйымдасқан топ мүшелері, оларға субсидияларды иемдену, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасау», - деп хабарлайды ҚМА.

Сонымен қатар, топ басшысы өз компаниясына салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметкерге зорлық-зомбылық көрсетті деп те айыпталуда. 

Сонымен бірге, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарындағы 30 шаруа қожалығының басшылары мен өкілдері күдіктілер ретінде өтуде. 

Бұдан басқа, Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 3 қызметкері қаражат ұрлауға жәрдемдесу және парақорлық жасады деп айыпталуда. 

Ал 7 ветеринарлық дәрігер құжаттарды қолдан жасауға, жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесіне жалған ақпарат енгізуге, сондай-ақ заңсыз сыйақы алуға күдікті болып отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, мал шаруашылығы саласында қаражатты «алып қашудың» кең таралған схемасы – «Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау» (АШЖИ) базасындағы ауыл шаруашылығы жануарлары туралы деректерді алмастыру. Бір жануардың идентификациялық нөмірін бірнеше рет енгізу арқылы жануардың жасын немесе жынысын ұлғайтуға немесе өзгертуге болады. Мұндай схемалар 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің субсидиялау жүйесін тексеру кезінде анықталған болатын. 

Осылайша, Түркістан облысында бір ғана шаруашылықта ересек сиырлардың жасын бұзауларға түзетудің 400-ден астам фактісі анықталды. Жамбыл облысында 2021 жылғы қазанда мал шаруашылығы бөлімінің басшысы сатып алынбаған малға субсидия алудағы алаяқтық үшін 7,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алды, сомасы 33 млн теңге.