Skip to main content

ОПГ 200 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ-дан шығарды

Submitted by Вера Александрова on

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) Атырау облысында жалған құжаттар ресімдеп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын алуға жәрдемдескен 5 қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, схема ұйымдастырушылары Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және елдің басқа да өңірлерінде орналасқан делінген 30-дан астам стоматологиялық клиниканы пайдаланған.

Іс жүзінде бұл медициналық ұйымдар тек қағаз жүзінде ғана болған және азаматтарға ешқандай қызмет көрсетпеген.

«Оларда үй-жайлар, жабдықтар және білікті қызметкерлер болмаған. Стоматологиялық клиникалардың басшылары мен құрылтайшыларының тіпті медициналық білімі де болмаған», - делінген ҚМА хабарламасында.

Жалған медициналық құжаттаманы ресімдегені үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-нан 20%-на дейін ұстап қалған. Қаражатты жнақтау үшін қылмыскерлер 226 «дропперді» пайдаланған. Олар барлығы 200 млрд теңгеден астам қаражатты шығарған.

БЖЗҚ салымшыларының ақшасына күдіктілер құны 600 млн теңгеден астам 15 автокөлікті (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade), брендтік зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларды, пәтерлер мен жер учаскелерін сатып алған.

Құқық қорғау органдары қылмыстық жолмен табылған мүлікті іздеуді жалғастырып жатқанын атап өтеді. Қазіргі уақытта 59 тінту жүргізілді. 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.

Сонымен қатар, тергеу барысында заңсыз схемаларды ұйымдастырушылардың ғана әрекеттері бағаланатыны хабарланады. Бұл ретте өздерінің зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалауға ұшырамайды.