Павлодар облысы әкімдігі мен Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері бюджеттен 89 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. 2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін олар мүгедектердің жеке көмекшілерінің жұмысы үшін заңсыз ақы алып тұрған.
Павлодар соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысына әкімдіктің бес қызметкері тартылған. Олар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған.
«Сот мыналарды ескерді: кінәні толық мойындау және шын жүректен өкіну; іс бойынша залалды ерікті түрде өтеу; А.Г., А.А., Ж.А., Б.А.-ның кәмелетке толмаған балаларының болуы; М.А.-ның өз еркімен келуі; қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді жәрдемдесу; тұрғылықты жері бойынша оң сипаттамалар», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде сот сотталғандарға 3,5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.
«Сотталғандарға жазаның бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту және міндеттер жүктеу белгіленді. Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген сот шешімінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы Атамекен ауылының Жұмыспен қамту орталығы мен әкімдігінде 24 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру схемасын анықтаған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции