Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС, «Нан базасы №2» және «Нан базасы №5» М.Е. Жүсіпов өкілдіктерінің бұрынғы директорына қатысты үкім шығарды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мемлекеттік резервтік азық-түлік бидай қорын 160 млн теңгеден астам сомаға жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, ол құны шамамен 118 млн теңге болатын 996 тонна дәнді бүлдіруге әкеп соққан немқұрайлылық үшін айыпталды.
Сот бұрынғы өкілдік директорына мүлкін тәркілей отырып, 8,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маман Г.Ж. Әбенов қатысты шешім шығарды.
Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау жөніндегі көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ тауарлық несие (астық) беру туралы шартқа қол қоюға жәрдемдескені үшін пара алды деген күдікке ілінген еді.
Нәтижесінде сот айыпталушыларға квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады.
Фонд-бюро расследования коррупции