Skip to main content

Бұрынғы «Жасыл Аймақ» КММ басшысы Түркістан облысында 15 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан сотында бұрынғы «Жасыл аймақ» КММ облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасының басшысы Бегасилов И., оның орынбасары Ерназаров А., КММ заңгері Айнабекова М. және жергілікті кәсіпкер Мүсілімов И.-ге қатысты үкім жарияланды.

Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, олар 14,9 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп танылды.

Айта кетейік, айыпталушылар техникалық сипаттамаға және сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алған. 

Нәтижесінде Бегасилов 2,6 жыл бас бостандығынан айыруға, Ерназаров, Айнабекова және Мүсілімов 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Барлық айыпталушылар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде Түркістан облысында «Жасыл Аймақ» КММ-де жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалған болатын. Сонда прокурорлар анықтаған мекеме басшыларының нақты орындалмаған 24 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жұмсауды растайтын құжаттарға қол қою фактілері.

Сонымен қатар, ведомство жасыл белдеу құру кезінде егіске жарамсыз жер учаскелерінде орман екпелерін отырғызу, тыңайтқыштарды пайдалану, суару, трансформаторларды орнату кезінде 1 млрд теңге қаражаттың тиімсіз игерілгенін анықтады.