Шығыс Қазақстан облыстық соты облыстың көліктік бақылау инспекциясының басшысы Нұралиев Б. және оның орынбасары Тұрақбаев А. қатысты үкім шығарды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және «салмақтық параметрлерден асып кен тасымалдау арқылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны» үшін кінәлі деп танылды. Мемлекетке келтірілген залал 63 млн теңге деп бағаланды.
Нәтижесінде сот Нұралиев пен Тұрақбаевты кінәлі деп танып, оларға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, тиісінше 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін сот Астана бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы м.а. Құдайбергенов Қ. және оның күдіктесі Шұмбасова Б. үкім шығарды, олар 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару, диагностикалық карталарды қолдан жасау және техникалық байқаудан өту туралы ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізу деп айыпталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы 13 мүшесі 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алса, төртеуі 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге кесілді.
Фонд-бюро расследования коррупции