Рудный қаласында Тобыл-Торғай инспекциясының су қорын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Сергей Мукашев бақша кооперативінің төрағасы Анатолий Доркин берген 1,1 млн теңге көлеміндегі пара үшін сотталды.
«HALYQSTAN» Telegram-арнасының мәліметінше, Мукашев су тасқыны келтірген залалдан пайда табуға тырысқан.
Хабарланғандай, ол бақша қоғамындағы су есептегіш құралдарының су басудан жарамсыз болып қалғанын білгендіктен, Мукашев Доркинге оларды ауыстыру қажеттілігінен құтылатын схеманы ұсынған.
«Оның орнына Доркин есептегіш құралдарды тексеру құжаттарын алуы керек еді. Бұл оны жаңа есептегіштерді орнату қажеттілігінен құтқаратын еді», - делінген хабарламада.
Сот Мукашевке 33,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.
Егер сотталған айыппұлды 10 күн ішінде төлемесе, ол қамауға алынады, ал жаза түрі бас бостандығынан айыруға өзгертіледі.
Еске салайық, бұған дейін ішкі аудит қорытындысы бойынша «Қазсушар» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры және Асы өндірістік учаскесінің басшысы қызметінен босатылды.
Шілде айында Жамбыл облысының филиал директоры мен Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Одан біраз бұрын өңірде жүргізілген аудит су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен суару суын беруге жасалған шарттардағы бұзушылықтарды анықтады.
Фонд-бюро расследования коррупции