Skip to main content

АФМ 420 млрд теңгені қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату істері бойынша мемлекетке қайтарды

Submitted by Вера Александрова on

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қатысты тергеулердің ауқымы туралы айтып берді.

Zakon.kz деректеріне сәйкес, ол 2024 жылдың басынан бері ведомство осындай 100-ден астам қылмыстық істі аяқтағанын, оның жартысы ағымдағы жылы тіркелгенін хабарлады.

Елемесов атап өткендей, бұл істердің едәуір бөлігі "Параллельді қаржылық тергеулер" жобасы аясында ашылды, бұл мемлекет кірісіне 420 млрд теңгеден астам қаражатты қайтаруға мүмкіндік берді.

Мысал ретінде ол СПА-орталық деген желеумен боди-массаж ұйымдастырған азаматшаның ісін келтірді. Әйел жеңгетайлық үшін сотталып, 4 жыл бас бостандығынан айыруға, мемлекет кірісіне 114 млн теңгені тәркілеуге сотталды. 

Алайда, Елемесовтің айтуынша, ведомство қосымша қаржылық тергеу жүргізген.

«Егер оның қызмет көрсеткен 15 қызы болса, олар күніне 3-4 клиентке қызмет көрсеткен, әрбір қызметтің орташа құны – 30 мыңнан 150 мың теңгеге дейін. Осыны ескере отырып, жылдар бойы жұмыс істегенде оның қылмыстық кірісі 2 млрд теңгеден астам болуы керек деген қорытынды жасалды», - деді Жеңіс Елемесов.

Осыдан кейін құқық қорғау органдары сотталған әйелдің пәтерлер, коммерциялық үй-жайлар мен люкс автокөліктер түріндегі 1,5 млрд теңгеден астам сомадағы активтерін анықтады. Сонымен қатар, әйел қаражаттың бір бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату жөніндегі бизнес-жобаға салып үлгерген және тіпті ақша тауып үлгерген.

Атап өтілгендей, анықталған барлық активтер тәркіленіп, мүлік мемлекет кірісіне алынды.