Қарағанды билігі қалаға кіре берістегі сәндік конструкцияларға 45 млн теңге жұмсады.
ekaraganda.kz деректеріне сәйкес, кейбір жергілікті тұрғындарға бұл әшекейлер елордадағы ЛРТ тіректеріне ұқсап көрінген.

Өз кезегінде әкімдік бұл – перголалар деп аталатын гүлдерге арналған сәндік шатырлар екенін хабарлады.
Оларға сондай-ақ жарықтандыру жүргізу жоспарланған. Әкімдіктің мәліметінше, бір конструкция 4,5 млн теңге тұрады, барлығы 10 дана орнатылады.
Белгілі болғандай, биыл қаланың Қазыбек би ауданын (перголалар қойылған жер) безендіруге 340 млн теңге жұмсалмақ. Үш жыл ішінде бұған 950 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.
Фонд-бюро расследования коррупции