Skip to main content

Жамбыл облысына қайтарылған активтерден медициналық мекемелерге 320 млн теңге бөлінді

Submitted by Вера Александрова on

Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады, бұл қаражат Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысын аяқтауға жұмсалады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда. Өңірде 30 нысанның құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуін биыл іске қосуға уәде берді.

Ұлттық жоба аясында елімізде 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланғаны атап өтіледі. Қазіргі уақытта 468 нысанда жұмыстар аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға активтерді заңсыз шығаруға қарсы күрес аясында қайтарылған қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, одан мектептер, ауруханалар салу және инфрақұрылымды жаңғыртуды қоса алғанда, әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады.

Қаңтар айында хабарланғандай, қайтарылған активтер есебінен Алматы облысы Кеген ауданының Жалағаш ауылында құны 1,1 млрд теңге болатын спорт кешенін салу жоспарланған.

Ақпан айының басында үкімет қордан Ұлытау облысының Қаражал қаласында мектеп салуға 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Кейінірек белгілі болғандай, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының Көксай ауылында мектеп салуға тағы 1,4 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ қордан Семейде Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын салуға 2,6 млрд теңге бөлінді. Қаржыландырылатын жобалар тізіміне Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы ентізілді.

Наурыз айының басында үкімет Арнайы мемлекеттік қордан Қызылорда облысы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғыртуға шамамен 4,2 млрд теңге бағыттады.

Сәуір айында үкімет Ақмола облысының Көкшетау және Макинск қалалары тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Арнайы мемлекеттік қордан 1 млрд теңге бөлуге шешім қабылдады.