Skip to main content

Ақтауда президенттің бұрынғы резиденциясының орнына стадион мен мешіт салу жоспарлануда

Submitted by Вера Александрова on

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы бұрынғы президенттік резиденцияның орнына стадион, үлкен мешіт және балалар алаңдарын салу жоспарланып отырғанын хабарлады. 

Lada.kz деректері бойынша, Каспий теңізі жағалауындағы 225 га аумақта 10 мың орындық стадионнан басқа, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ететін нысандарды салу жоспарлануда.

«Аумақ қаланың бас жоспарына енгізілді, келісу және мемлекеттік сараптамаға дайындық кезеңдері жүріп жатыр. «Самал» шағын ауданында орналасқан жер телімі 2023 жылдың жазында мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған дейін аумақтың бағалау құны шамамен бір миллиард теңгені құраған», - деді әкім.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Ақтаудағы бұрынғы президенттік резиденция ретінде пайдаланылған ғимаратты балалар қажеттіліктеріне бейімдеу мүмкін екендігі хабарланған. Жер телімінің бағалау құны 1 млрд теңгені құрайтыны атап өтілді.

Сол жылдың наурыз айында Қостанай облысындағы президенттік резиденция оңалту орталығына айналатыны белгілі болды. Орталықта психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балалар емделетін болады деп күтілуде.