«Қазақтелеком» АҚ қазақстандықтарда Telegram неге жұмыс істемейтінін түсіндірді. Компанияның мәліметінше, мессенджер трафигі халықаралық пиринг нүктелерінде күрт төмендеген, оператордың қазақстандық желісінде емес. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде (ЖИЦДМ) пайдаланушылардың өтініштерін растап, мамандар болған оқиғаның себептерін анықтап жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта сервис біртіндеп қалпына келе бастады.
«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМДА» НЕ АНЫҚТАЛДЫ
Компания мамандары Франкфурт пен Мәскеудегі халықаралық пиринг нүктелерінде (әртүрлі провайдерлер желілері арасындағы тікелей трафик алмасу) Telegram бағытындағы трафиктің күрт төмендеуін тіркеді. «Қазақтелеком» АҚ жауапкершілік аймағында авариялар мен техникалық ақаулар тіркелген жоқ, желі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
ЖИЦДМ-ДЕ НЕ ЖАУАП БЕРДІ
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде де проблеманың бар екенін растады. Дегенмен министрлікте ақаулықтың себептерін атамады.
«Telegram мессенджерінің қолжетімсіздігіне байланысты пайдаланушылардың жекелеген өтініштерін тіркеп жатырмыз. Техникалық мамандар жағдайды анықтап жатыр», - деп хабарлады ведомство.
АҚАУЛЫҚТЫҢ АУҚЫМЫ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Еске салайық, 13 таңертең қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақауларға тап болды. Пайдаланушыларда хабарламалар мен медиафайлдар жіберілмеді. Ең көп шағым Астанадан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарынан түсті.
Себептерді анықтау үшін «Қазақтелеком» Telegram-ның әкімшілік-техникалық тобына ресми сұрау салу жіберді. Компания жауап алғаннан кейін егжей-тегжейлі ақпарат беруге уәде берді.
Материал дайындалған кезде Қазақстанда Telegram-ға қолжетімділік біртіндеп қалпына келе бастады.
Фонд-бюро расследования коррупции