Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) ветеринария, фитосанитария және азық-түлік қауіпсіздігі саласында бұзушылықтарды анықтады, бұл бірқатар лауазымды тұлғалар мен мамандарға қатысты тәртіптік шаралар қолдануға әкеп соқты.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, аудит ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды және бюджеттік және салалық заңнаманың сақталмағанын көрсетті.
Барлығы әртүрлі жауапкершілік шараларына 28 адам тартылды, оның ішінде:
- ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі: стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ғылыми қамтамасыз ету, ішкі сауда және микрокредиттеу мониторингі басқармаларының басшылары;
- ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: комитет төрағасының орынбасары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік басқармаларының басшылары, «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;
- агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: комитет төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияның бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;
- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ: ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры, басқарушы директор – басқарма мүшесі;
- Қазақстандық егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты: ғылым жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, бас экономист, бас бухгалтер, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі;
- Қазақстандық қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты: бас ғылыми қызметкерлер, бас инженер, Семей филиалының бухгалтері;
- С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті: ғылым және инновациялар департаменті директорының орынбасары;
- «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК): несиелеу және активтерді басқару департаментінің директоры;
- «Тобол» ӘКК: инвестициялық жобалар және индустриялық аймақты дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы;
- «Солтүстік» ӘКК және «Kokshe» ӘКК жауапты қызметкерлері.
Жоғары аудиторлық палата тексеру қорытындысы бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы толық аяқталғанға дейін бақылауда қалатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін білім саласындағы бірқатар лауазымды тұлғалар саланы дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін тексеруден кейін тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.
Кейінірек денсаулық сақтау министрлігінің және оған бағынысты ұйымдардың шенеуніктері ЖАП жүргізген мемлекеттік аудиттен кейін жазаланды.
Фонд-бюро расследования коррупции