Skip to main content

17 шенеунік жазаланды Алматы облысындағы тексерістерден кейін

Submitted by Вера Александрова on

Алматы облысының атқарушы органдарының бірқатар қызметкерлері Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жүргізген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖАП мамыр айында өңірдегі тексеру іс-шараларын аяқтаған. Олардың қорытындысы бойынша қызметкерлер бюджеттік және өзге де заңнаманың бірқатар бұзушылықтарын анықтады. 

«ЖАП-тың нұсқамасын орындау аясында жіберілген бұзушылықтар үшін облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыстағы басқармалардың бірінің басшысына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі аудит кезінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Оны іске асыру жалғасып жатқаны хабарланады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ішкі аудит қорытындысы бойынша қызметінен босатылған "Казводхоз" РМК-нің Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры және Аса өндірістік учаскесінің басшысы.

Тамыз айында ЖАП құрылыс саласындағы аудит барысында 1,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды, 14,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалануды, сондай-ақ 530 млн теңге экономикалық шығын мен ұтылған пайданы анықтады.