Skip to main content

Мемлекеттік мүлікті кәсіпкерге бергені үшін Алматы ветеринариялық инспекциясының басшысы жазаланды

Submitted by Вера Александрова on

Алматы қаласы бойынша ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы прокурорлық қадағалау актісі бойынша жауапкершілікке тартылды. 

Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Медеу ауданының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану фактісін анықтады. 

Белгілі болғандай, ветеринариялық бақылау комитетінің басшысы мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін қоғамдық тамақтану объектісі үшін заңсыз берген. 

Нәтижесінде прокуратура Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне қадағалау актісін енгізді. 

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен Этика жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша мемлекеттік қызметті беделін түсіретін, кәсіпкерге заңсыз жәрдем көрсету арқылы кіріс алуға ықпал ету (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 5-тармақшасы) теріс қылығы үшін аумақтық инспекция басшысы «толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.