Skip to main content

Заңсыз дәрі-дәрмектерді Қазақстанға әкелуге тырысты

Submitted by Вера Александрова on

ҰҚК қызметкерлері Жетісу облысының «Алтынкөл» өткізу пунктінде 80 мың ампула дәрі-дәрмекті заңсыз әкелу әрекетін анықтады.

«2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде ірі партия дәрі-дәрмекті тасымалдау әрекетінің жолы кесілді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Шығу тегі белгісіз, ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылғаны айтылады.

«Жүк процестік шешім қабылдау үшін облыстың экономикалық тергеу департаментіне берілді», - деп мәлімдеді ведомствода.

Еске салайық, бұған дейін Астанада елордалық халықаралық әуежайдағы кеден бекеті басшысының орынбасарына үкім шығарылған болатын. Ол декларацияланбаған алтын бұйымдары мен медициналық дәрі-дәрмектерді әкелгені үшін сотталған азаматшадан пара алуда айыпталған еді.