«Алматы» шекаралық бақылау басқармасы ҰҚК ПҚ Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстан азаматтарын Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көшіру арнасын жолын кесті.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 наурызда лауазымды тұлғаға $5 мың көлемінде пара беру әрекеті кезінде 4 Ауғанстан азаматы ұсталды.
Бұл ақша шетелдіктерді Алматы халықаралық әуежайы арқылы Испания мен Португалияның жалған паспорттарымен өткізуді ұйымдастыруға арналғаны хабарланады.
«Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции