Skip to main content

Тараз кеден қызметкері $16 мың көлемінде пара алды деп күдіктелуде

Submitted by Вера Александрова on

Антикор Жамбыл облысында кеден бекетінің маманы «Тараз - ЦТО» және Шымкент кәсіпкеріне қатысты парақорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, кеден қызметкері кәсіпкерден  16 мың АҚШ долларынан астам пара алды деген күдікке ілінген.

Пара жүк көліктерінің ел аумағына нақты келмей-ақ транзиттік декларацияларды ресімдеу үшін берілген.

Сот санкциясымен кеден бекетінің маманы «үй қамағына» алынды, ал кәсіпкер тергеу барысында жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды.

Кейін ол Қырғыз Республикасы аумағында ұсталып, Бішкек тергеу изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар оны экстрадициялау шараларын қабылдауда. Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, тамыз айында Астанада елордалық халықаралық әуежайдың кеден бекеті басшысының орынбасарына үкім шығарылды. Ол 57 млн теңге бағаланатын декларацияланбаған медициналық дәрі-дәрмектер мен алтын бұйымдарды әкелгені үшін сотталған азаматшадан пара алуда айыпталған.