Астана тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жасаған бірқатар алаяқтық үшін кінәлі деп танылды.
Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам өзінің таныстарын жаңылыстырып, сыйақы үшін жүргізуші куәлігін алуға және автокөліктерді қайта ресімдеуге көмектесуге уәде берген.
Жәбірленушілерден 1 млн теңгеден астам ақша алған ол уәделерін орындамай, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар ұсынды. Сот ер адамды бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, кінәсін мойындауы мен залалдың орнын толтыруын ескере отырып, оған пробациялық бақылау орнатылған үш жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, биылғы наурызда Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ 2023 жылы жалған полицейлер мен жалған банкирлердің қазақстандықтардан ұрлаған қаражаты мен олардың атына рәсімделген несиелердің сомасы 21 млрд теңгені құрағанын хабарлады.
Сәуірде Ақтөбе тұрғыны алаяқтардың қоңырауынан кейін өз атына 7 млн теңгеге несие рәсімдегені белгілі болды. Оған өздерін ҰҚК және Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырған бейтаныс адамдар қоңырау шалған.
Желтоқсанда Маңғыстау облысында ірі интернет-алаяқтыққа күдікті қылмыстық топ ұсталды. Қылмыскерлердің өздерін ҰҚК және ҚР Ұлттық банкінің қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтардан 133 млн теңге ұрлағаны хабарланған болатын.
Ағымдағы жылдың сәуірінде Алматыда өздерін полицейлер ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупімен алматылық тұрғынның ақшасы мен автокөлігін иемденген қылмыскерлер ұсталды. Келтірілген залал сомасы 12 млн теңгеден асты.
Фонд-бюро расследования коррупции