Түркістан облысында полицейлер шекара маңындағы аудандарда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Polisia.kz деректері бойынша, ұсталғандар жақын шетел азаматтарына мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуге жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Өз қызметтері үшін олар әрбір мигранттан 500 мың теңгеге дейін алған.
Қылмыстық полиция қызметкерлері төрт негізгі ұйымдастырушыны және олардың көмекшілерін ұстады. Барлығы уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Тінту кезінде күдіктілерден шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электронды жеткізгіштер мен байланыс құралдары алынды.
Ұйымдастырушыларға қатысты ҚК-нің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» және «Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетейік, қаңтарда Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) еңбек мигранттарының ресми тапқан және шетелге аударған қаражаты арасында елеулі алшақтықты анықтады. Хабарланғандай, үш орталықазиялық елдің азаматтары үш жыл ішінде Қазақстанда ресми түрде 136 млрд теңге тапқан, бірақ сонымен бірге отанына шамамен 1 трлн теңге аударған.
Фонд-бюро расследования коррупции