Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 203 млн теңгені ұрлау схемасын анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Сауран ауданының тұрғыны 20 адамның электрондық-цифрлық қолтаңбаларын (ЭЦҚ) пайдаланған. Үш жыл ішінде ол мемлекеттен ірі қара мал (ІҚМ) сатып алуға субсидия алған, алайда мал іс жүзінде болмаған.
«Облыс прокуратурасы ақшаны ұрлау фактісі бойынша материалдар ҚР Бірыңғай тізіліміне (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі – «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») тіркелді және сотқа дейінгі тергеу арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелді», — делінген хабарламада.
Күдікті 2 айға қамауға алынды.
Еске сала кетейік, қыркүйек айында ҚМА Ақтөбе облысындағы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалында асыл тұқымды ІҚМ өсіруге несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін анықтады. 4 шаруа қожалығының (ШҚ) өкілдері жалған құжаттарды пайдаланып, «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген субсидиялар мен несие қаражатын және алып, мал сатып алмаған. Нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық аса ірі көлемдегі залал келтірілген.
Өткен жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының депутаты Асылбек Нұргелдин мемлекеттік бағдарлама қаражатын теріс пайдалануға күдікпен сот алдына келген.
Айыптау нұсқасы бойынша, Нұргелдин мемлекетті алдап, 457 млн теңгені иемденген. Ол бастапқыда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ресейден 600 бас сиыр сатып алу үшін 390 млн теңге көлемінде субсидия алуға өтініш берген. Алайда сиырлар сатып алынбаған. Сонымен қатар, ІҚМ-ға жемшөп үшін Нұргелдин тағы 66 млн теңге субсидия алған.
Фонд-бюро расследования коррупции