Skip to main content

Қазақстан азаматы Грузиядан жалған ақша жасағаны үшін экстрадицияланды

Submitted by Вера Александрова on

Бас прокуратура және Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қызметкерлері жалған банкноттарды сақтау және өткізу үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2024 жылы Түркиядан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізді деген күдікке ілінген. 

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың мамыр айында ол Грузияда ұсталып, Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына орналастырылды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіруі мүмкін.

Еске сала кетейік, наурыз айында Германиядан Қазақстанға алаяқтыққа күдікті экстрадицияланды. Ер адам екі сыбайласымен бірге жалған фирмалар құрып, бидай жеткізу сылтауымен кәсіпкердің жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам қаражатын иеленгені атап өтілді.

Кейін хабарланғандай, Варшава әуежайында 2014 жылғы желтоқсанда Қазақстан азаматтарынан алдау жолымен $1 млн ұрлаған іс бойынша айыпталушы ұсталды.

Маусым басында Бас прокуратура Ресей Федерациясынан қылмыстық қоғамдастыққа қатысқаны, есірткі заттарының заңсыз айналымы, сондай-ақ оларды контрабандалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында қазақстандықты экстрадициялады.