Павлодар облысы бойынша ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті бөлімінің басшысы Темірханов К. сыбайлас жемқорлық үшін сотталды.
Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпорын басшысынан 1,3 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталған. Пара өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулерді жүргізу кезінде жалпы қамқорлық жасау үшін берілген.
Нәтижесінде Павлодар қаласының №2 соты облыстық департамент бөлімінің басшысын кінәлі деп танып, оны 3 жыл бас бостандығынан айыруға соттады.
Бұдан басқа, «қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін» департамент басшысы мен оның орынбасары жұмыстан шығарылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Антикор тергеуді аяқтаған болатын. Ол ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің төрағасына, сондай-ақ Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты. Лауазымды тұлғалар кәсіпкерден 40 млн теңгеден астам сомада пара алды деген күдікке ілінген.
Күдіктілерге қатысты тергеу соты санкциялаған бұлтартпау шарасы – қамауда ұстау.
Фонд-бюро расследования коррупции