Антикор Дархан Әбдікәрімовке қатысты тергеуді аяқтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпкерден 4,4 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда. Антикор күдіктіге ақша салынған пакеттің беріліп жатқаны көрсетілген бейнежазбаны жариялады.
Әбдікәрімов шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5% алған деген болжам бар.
Сот санкциясымен ол және кәсіпкер үй қамағына алынды. Бас прокуратура айыпталушылардың ісін сотқа жолдағаны атап өтілді.
Еске сала кетейік, Антикор Дархан Әбдікәрімовке қазан айының ортасында қызығушылық танытқанын ФБРҚ негізін қалаушы Кирилл Павлов хабарлаған еді.
Шілде айында Әбдікәрімов мәлімдегендей, шегірткемен күресу кезінде жәндіктерді мүлдем жоюға болмайды, себебі бұл экожүйенің тұрақты тізбегін бұзуы мүмкін.
Фонд-бюро расследования коррупции