Қазақстандық грант иегері студенттер, өтеу мерзімі бойынша міндеттемелерін бұзғандықтан, мемлекетке 5,7 млрд теңгеден астам қаражат қайтарды. Бұл туралы "Қаржы орталығы" АҚ хабарлады.
Informburo.kz деректері бойынша, 2014 жылдан 2025 жылға дейін соттар мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алғаннан кейін міндетті өтеу туралы заң талабын орындамаған студенттерге қатысты оқу ақысын өндіріп алу туралы 6000-нан астам шешім шығарды.
Осы кезеңде студенттер оқу ақысына жұмсалған 5,3 млрд теңге шығысты және 352,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өтеді. Барлық қаражат қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті арқылы республикалық бюджетке аударылды.
"Қаржы орталығының" мәліметінше, өндірілген сомалар кейіннен Қазақстанның бюджет заңнамасында белгіленген мақсаттарға жұмсалады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атыраудағы мектептердің бірінің мұғалімі "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық істің фигуранты болды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ата-аналарды белгілі бір сыйақы үшін балаларының университетке түсуіне көмектесіп, "грантты соғып беретініне" сендірген.
Фонд-бюро расследования коррупции