Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (ҚазҰАЗУ) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрын жүргізілген тексеру 2020 жылы ҚазҰАЗУ жалпы сомасы 43,8 млн теңге болатын қант жүгерісінің тұқымы, «аммофос» минералды тыңайтқышы және аммиак селитрасын сатып алуға 3 мемлекеттік сатып алу шартын жасасқанын анықтады.
Кейін белгілі болғандай, аталған тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген, ал ақша қаражаты қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Медеу аудандық №2 соты ҚазҰАЗУ «Саймасай» оқу-тәжірибе шаруашылығының директорын кінәлі деп тауып, оны 7 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыруға үкім шығарды. Залал толық көлемде өтелгені атап өтілген.
Еске салайық, қыркүйек айының соңында хабарланғандай, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов шамамен 28 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Шілдеде Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (ЕҰУ) қызметкерлері оқу орнының басшылығын ірі қаржылық бұзушылықтар жасады деп айыптады. Олардың айтуынша, бүгінде ЕҰУ-да ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын бөлетін қаражатты «қымқыру» дәстүрі қалыптасқан.
Мамыр айында ұсталған Асет Калиев, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы - ректоры. Ол 12 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Фонд-бюро расследования коррупции