Skip to main content

«Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының салымшылары Қарағанды облысында 52 млн теңге жоғалтты

Submitted by Вера Александрова on

Департамент Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысы бойынша «Sincere Systems Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және оған басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер шетелдік инвестициялық компанияның атын жамылып, азаматтарға жоғары табысты жобаларға ақша салуды ұсынған. 

Олардың ішінде медициналық каннабисті өсіру және сату, сондай-ақ басқа да бағыттар бар.

«Ашықтық пен заңдылықтың көрінісін жасау үшін жеке кабинеттер функциясы бар сайт әзірленген. Пайдаланушылар фиат ақшасының орнына ішкі SWP және SWCT токендерімен шоттарын толтыра алған», - делінген хабарламада.

Кейін күдіктілер салымшылардың қаражатын иемденіп, оларды жеке мақсаттарына пайдаланған. Келтірілген залал сомасы 52 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен Астана және Теміртау қалаларындағы күдіктілердің жалпы құны 76 млн теңге болатын жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды. Сондай-ақ оларға үй қамағы және кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.