Skip to main content

«TAKORP» қаржы пирамидасының салымшылары 50 млн теңге жоғалтты

Submitted by Вера Александрова on

Павлодарда «TAKORP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды, олар салымшылардың ақшасына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін күдіктілер АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде жұмыс істеген «TAKORP» қаржы пирамидасын басқарған.

Тіркелу үшін қатысушыларға электронды «ОКХ» криптобиржасы арқылы криптовалюта сатып алу ұсынылған. 

«Негізгі шарттардың бірі – кемінде 5 жаңа салымшыны тарту болды. Бұл шарттың орындалуы бағалы сыйлық ұтып алу мүмкіндігімен сәттілік дөңгелегіне қатысуға кепілдік берді», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде 50-ден астам азамат пирамидаға деңгейіне қарай $30-дан $500-ге дейін салып, 2 мың долларға дейін бонус алуға үміттенген. Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асқан.

«Салымшылардың ақшасына күдіктілер Павлодар қаласынан 10 млн теңге тұратын пәтер сатып алған, сондай-ақ банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан», - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражатына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үй қамағы және кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Еске салайық, ақпан айында құқық қорғау органдары тұтыну кооперативі ретінде жасырылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқан. Кәсіпорын кеңселері мен фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінтулер кезінде құқық қорғау органдары 1,2 млрд теңгеден астам және 13 автокөлікті тәркіледі.

Сол кезде Астанада «Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастыру ісі бойынша үкім шығарылды, онда инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, уәде етілген пайда 40 күн ішінде 90%-дан асқан. Нәтижесінде схемаға 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асқан.