Шымкенттегі сот қалалық спорт мектептерінің жаттықтырушыларын бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Олар бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды.
Қала прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан 2023 жылға дейін жаттықтырушылар спортшылардың Алматы, Тараз және Түркістан облысына жиынға шыққаны туралы жалған іссапар құжаттарын ұсынып, 6 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған. Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, олар мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеген.
Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, карантин кезінде – 2020 жылдың сәуірінен мамырына дейін – Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Тобыл футбол клубы мен Аят кәсіптік клубының жарыстарға дайындығы мен қатысуына, яғни іс жүзінде көрсетілмеген қызметтерге 625 млн теңгеге жуық қаражатты есептен шығарған.
Сонымен қатар, қостанайлық жаттықтырушылардың 2019 жылдан бастап 350 млн теңгеге жуық сомаға іссапар есептерін тапсырмағаны белгілі болды. Бұл ретте спорт басқармасы берешек болған кезде жаңа іссапар құжаттарын берген, бұл өрескел бұзушылық болып табылады.
Фонд-бюро расследования коррупции