Skip to main content

443 млн теңге салық түрінде төлемеген Шымкент тұрғыны

Submitted by Вера Александрова on

Шымкентте сот жұмыстарды орындамай және қызметтер көрсетпей жалған шот-фактураларды жазған жергілікті тұрғынға қатысты шешім шығарды. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстар арнайы құрылған 6 компанияның көмегімен жасалған. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген. 

Сот қылмыскерді қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Мемлекет кірісіне 15 млн теңгеден астам қаражат, сондай-ақ сотталғанға тиесілі 50 млн теңгеден астам сомадағы жылжымайтын мүлік қайтарылды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтқандай, Қазақстандағы 1,4 млн (67%) жеке кәсіпкердің кемінде 944 мыңы өз кірістерін құпия ұстайды.