26 тамызда Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ШМӨЗ) аумағында мердігер ұйымның екі жұмысшысы қаза тапты.
Tengrinews.kz мәліметі бойынша, оқшаулау жұмыстарын орындау кезінде автотұғыр аударылып құлаған. Қаза тапқандар «КРС Астана» ЖШС қызметкерлері болды. «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметі трагедия фактісін растады.
«Бұл жағдайдың себебі құрылған жұмыс тобымен анықталуда. Завод қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда», - делінген хабарламада.
Компания басшылығы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Белгілі болғандай, ШМӨЗ «ПетроКазахстан Ойл Продактс» АҚ құрамына кіреді, оның акционерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (КМГ) және Қытай ұлттық мұнай корпорациясы CNPC болып табылады. Үлестер тең бөлінген — 50% -дан.
Еске сала кетейік, бұған дейін «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом-энергетика комбинаты) аумағында №3 турбогенераторды жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде екі слесарь ыстық сумен күйік алды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.
Фонд-бюро расследования коррупции