ШҚО-да мыс өндіруші «KAZ Minerals» компаниясына тиесілі Ертіс және Артемьев кеніштерінде өткен демалыс күндері 5 жұмысшы қаза тапты.
Кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 тамызда Ертіс кенішінен төрт адамның денесі табылды, оларда тіршілік белгілері болмаған.
Қаза тапқандар – кеніш қызметкерлері мен мердігер ұйым жұмысшылары екені хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар газбен уланған.
Сонымен қатар, 1 қыркүйекке қараған түні Артемьев кенішінде жыныстардың құлауы салдарынан мердігер ұйымның проходчигі қаза тапты.
«Оқиғалардың мән-жайы мен себептері анықталуда, арнайы тергеу комиссиялары құрылды. KAZ Minerals тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук тергеуге жеке қатысу үшін аймаққа шықты», - делінген хабарламада.
Компания өкілдері қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, көмек көрсетуге уәде берді.
Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаларды тергеу бойынша комиссия құрылғанын хабарлады.
«Комиссияны ШҚО бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Кизатов басқарды, оның құрамына ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерінің, денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді», – делінген хабарламада.
Сонымен бірге ведомство қаза тапқандардың есімдерін атады, олар «Шығыс түсті металдар» ЖШС-нің екі қызметкері: проходчиктер Бақытов А.Б. және Кенесбаев А.Б., сондай-ақ мердігер ұйым «Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС-нің екі қызметкері: проходчиктер Жайырғазин А.Т. және Құсайынов А.К. болып шықты.
«Шығыс түсті металдар» ЖШС-нің тағы бір қызметкері, проходчик Камбаров А.К. ауруханаға жатқызылды.
Kursiv.media дерегінше, KAZ Minerals компаниясында Қазақстан мен Қырғызстанда шамамен 14 мың адам жұмыс істейді. Компания акцияларының 63.5%-ы кәсіпкер Владимир Кимге тиесілі, оның байлығы $3,6 млрд деп бағаланады.
Сонымен қатар, «Выход к правде» Telegram-арнасы ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың болған оқиғаға пікір білдіргенін хабарлады.
Журналистер әкімнен кеніштердегі оқиғадан кейін кәсіпорынның бас акционері – олигарх Владимир Кимді немесе KAZ Minerals басшылығынан біреуді жауапқа тарта ма деп сұрады.
«Комиссия құрылды, тергеу жүріп жатыр. Егер біреу заңсыз әрекет жасаса, жазаланады. Егер белгілі бір адамдардың кінәсі бар деп айтылса, олар жауапкершілікке тартылады. Алдымен апаттардың неге болып жатқанын анықтаймыз. KAZ Minerals компаниясы соңғы үш жылда апатсыз жұмыс істеп келеді», – делінген хабарламада.
Еске салайық, шілде айында Eurasian Resources Group компаниясына тиесілі Қостанай облысындағы «Соколовская» кенішінде жарыс жұмыстарынан кейін жұмысшы қаза тапқан. Өткен жылдың желтоқсанында Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясының кенішінде де жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға «Жыланды» руднигінде болды.
Осы оқиғадан бір ай бұрын сол кәсіпорынның Шығыс-Жезқазған руднигіндегі №57 кенішінде өліммен аяқталған қайғылы жағдай болды. Қайтыс болған адам тау-кен шебері еді.
Өткен жылдың тамызында Қарағанды облысында «АрселорМиттал Темиртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстанская» кенішінде конвейер таспасының тұтануы болды, сол кезде кеніш ішінде 227 адам болған, оның бесеуі қаза тапты.
Фонд-бюро расследования коррупции