27 тамызда «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атомдық-энергетикалық комбинаты) аумағында №3 турбогенераторға жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жазатайым оқиға болды. Екі слесарь ыстық судан күйік алды.
Lada.kz деректеріне сәйкес, оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті комиссия құрды.
«Шамамен сағат 14:30-да екі слесарь-жөндеуші жапқыш арматураны бұрап ашу кезінде ыстық судан күйік алды. Зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетілді: бір жұмысшы қараудан кейін үйіне жіберілсе, екіншісі одан әрі емделу үшін ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында Ақтаудағы МАЭК-те жөндеу цехының шебері қаза тапқан болатын. Оған құбыр құлағаны хабарланған еді.
Фонд-бюро расследования коррупции