Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында көміртегі тотығының лақтырылуы болды. Екі жұмысшы қаза тапты, тағы бірнешеуі ауруханаға жеткізілді.
_____________
Анықтама үшін: «Саяқ-3» шахтасы Саяқ кенішіне жатады, ол «Балқашцветмет» Өндірістік бірлестігіне тиесілі. Иесі - «Қазақмыс» корпорациясы. Шахтада мыс-сульфидті кен өндіріледі.
«Барлық жұмысшыларды жедел эвакуациялау жүргізілді. Зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке орай, екі жұмысшы қайтыс болды», - деп хабарлады «Қазақмыс» баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды. Корпорацияда қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.
Қарағанды облысы полиция департаменті ҚК 277-бабы «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, соңғы уақытта шахтерлердің өліміне әкелген бірнеше бақытсыз жағдай орын алды.
Қыркүйектің басында ШҚО-да мыс өндіруші «KAZ Minerals» компаниясына тиесілі Ертіс және Артемьев шахталарында 5 жұмысшы қаза тапқаны хабарланды.
18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «АК Алтыналмас» АҚ байыту кешендерінің бірінде жұмысшыны тау жынысы басып қалды.
Сол уақытта Ақтөбе облысында «Ақтөбе мыс компаниясы» тау-кен өндіру кәсіпорнының шахтасында кеннің опырылуы салдарынан ұсақтаушы қаза тапты.
Келесі күні Абай облысындағы Орлов шахтасында тау массасының құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапқаны белгілі болды.
Фонд-бюро расследования коррупции