Жамбыл облысындағы тау-кен байыту кешендерінің бірінде «АК Алтыналмас» АҚ жұмысшысын тау жынысы басып қалды.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қыркүйекте болған. Оқиға орнына авариялық-құтқару жасағы келген. Сол уақыттан бері іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Тау жынысының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайларға байланысты опырылған аймаққа кіру қиын екені хабарланады.
«Компанияда жазатайым оқиға бойынша тергеу басталды, қираған жерде қалған жұмысшыны іздеу үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылып, қажетті шаралар қолданылуда», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, оқиғадан кейін жұмыс тобы құрылды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.
Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Степногорск қаласының маңында орналасқан «Алтыналмас» компаниясының алтын өндіру кеніштерінде 5 жыл ішінде шахталарға заңсыз кіру үшін 4 295 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, 2023 жылы шахталарда 3 заңсыз кен іздеуші қаза тапты.
Еске салайық, қыркүйек айының басында ШҚО-да «KAZ Minerals» мыс өндіретін компаниясына тиесілі Ертіс және Артемьев шахталарында 5 жұмысшы қаза тапты.
Шілде айында Қостанай облысындағы Eurasian Resources Group компаниясына тиесілі «Соколовская» шахтасында жарыс жұмыстарынан кейін жұмысшы қаза тапты.
Өткен жылдың желтоқсан айында Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниясының шахтасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға «Жыланды» кенішінде болды.
Бұл оқиғадан бір ай бұрын сол кәсіпорынның Шығыс-Жезқазған кенішінің №57 шахтасында тағы бір қайғылы оқиға болды. Тау-кен шебері қаза тапты.
Өткен жылдың тамыз айында Қарағанды облысында «АрселорМиттал Темиртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстанская» шахтасында конвейер таспасының тұтануы болды, ол кезде онда 227 адам болған. Бес шахтер қаза тапты.
Фонд-бюро расследования коррупции