Skip to main content

Қостанай облысындағы отын ұрлығы үшін ҚТЖ-дан шенеуніктер сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Бейімбет Майлин ауданының соты Қостанай облысындағы ҚТЖ лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды. Олар сыбайлас жемқорлыққа күдіктелген еді. 

Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы Махмутов А., оның орынбасары Сырманов Ж., жылу техникі Серікұлы Б. және Тобыл станциясының «ТД» ТЭК-Қазақстан» ЖШС жанармай қоймасының бастығы Елюсинов К. сотталды. 

Олар дизель отыны мен теміржол кранын жөндеуге бөлінген ақшаны жалпы сомасы 12 млн теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. 

Нәтижесінде сот Махмутов, Сырманов және Елюсиновке 3 жылдан 4,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал Серіктіңұлына 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. 

Сонымен қатар, сотталушылар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.