Skip to main content

«Scat» әуе компаниясы мемлекетке аңшылық алқабын қайтарды

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан облысының прокуратурасы мемлекетке ауданы 4 400 га болатын аңшылық алқапты қайтарды. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылғы желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерлер беру туралы қаулы шығарған. 

Акт негізінде табиғи ресурстар басқармасы мен «SCAT Әуекомпаниясы» АҚ жоғарыда аталған аңшылық алқапты 20 жылға жалға алу шартын жасасқан.

«Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жер үшін төлемді уақытылы енгізуге міндетті. Алайда «SCAT Әуекомпаниясы» АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскесін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған», - делінген хабарламада.

Прокурорлық акт негізінде табиғи ресурстар басқармасы шартты бұзып, осылайша жерді мемлекет меншігіне қайтарды. 

Сұрақтар туындайды: әуекомпания аңшылық алқапты қандай мақсатта сатып алды және ол оған қалай берілді?