Skip to main content

NCOC экологтарға Қашаған бойынша сотта 2,3 трлн теңге ұтылып қалды

Submitted by Вера Александрова on

«North Caspian Operating Company» («NCOC») компаниясы – Қашаған кен орнының операторы экологиялық тексеру нәтижелері бойынша сот ісін ұтып алды. Соттың апелляциялық алқасы билік органдарының пайдасына шешім шығарып, «NCOC» консорциумына дауласуға мүмкіндік қалдырмады.

Бастапқыда ҚР Экология министрлігі Қашаған кен орнының операторын қоршаған ортаны қорғауды бұзғаны үшін сотқа талап-арыз берді. Экология департаменті «NCOC» компаниясы нормадан тыс күкірт мөлшерін сақтайтынын анықтады. Компанияның өндірістік нысанында рұқсат етілген 730 мың тонна болған кезде 1 млн 750 мың тонна күкірт орналастырылған.

Тексеру кезінде табиғатты қорғау іс-шараларын орындамау, экологиялық рұқсатсыз ағынды суды төгу, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысындағы талаптарды орындамау және т.б. бұзушылықтар да анықталды. Жалпы экологиялық айыппұлдар сомасы 2,3 трлн теңгені ($5,1 млрд) құрады.
_________________
Анықтама үшін: «North Caspian Operating Company» («NCOC») Қазақстанның теңіздегі мұнай-газ кен орындары – Қашаған, Қайран және Ақтоты игеру бойынша Солтүстік Каспий жобасын жүзеге асырады. Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (СКӨБК) Қазақстан Республикасы мен халықаралық консорциум арасында 1997 жылғы қарашада қол қойылған.

Қашаған кен орны – Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінде орналасқан қайраңдық мұнай-газ кен орны. Әлемдегі ең ірі және күрделі теңіз кен орындарының бірі болып табылады. Шамамен 75 км-ге 45 км аумақты алып жатыр. Кен орнының геологиялық мұнай қоры 4,5 млрд тонна мұнайға бағаланады.

Тексеру нәтижелерімен келіспеушілік «NCOC» компаниясын Астана сотына жүгінуге мәжбүр етті. Сот анықталған экологиялық бұзушылықтардың 10-нан 3-ін жойды. Алайда талаптың ішінара қанағаттандырылуы ешбір тарапқа ұнамады. «NCOC» компаниясы өз қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асыратынын хабарлады.

Өз кезегінде Экоогия министрлігі шығарылған шешімге апелляциялық шағым берді. Соттың апелляциялық алқасы «NCOC» консорциумының дәлелдерін қабылдамай, айыппұлдардың заңдылығын растады. Алайда БАҚ енді «NCOC» халықаралық төрелік сотына жүгінуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.