(2 наурыз 2026 | Дереккөз: ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі)
2026 жылғы қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысы бойынша қалыптасады.
САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІНІҢ ӨСУІ
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша салық түсімдері бойынша жоспар 113,7%-ға орындалды. Бюджетке 2 979,0 млрд теңге түсті.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 129,4% немесе 677,5 млрд теңге құрады.
КІРІСТЕРДІҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
Негізгі серпінді бюджет құраушы салықтар қамтамасыз етті.
Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны 116,9%-ға жетті, бұл қосымша 118,0 млрд теңге құрайды.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өсу жоғары болды — 138,8% немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда +428,6 млрд теңге.
1 наурыздағы ҚҚС жоспарының орындалуы 119,8% құрады: жоспар 1 281,0 млрд теңге болғанда бюджетке 1 534,5 млрд теңге түсті.
ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ БАҒАЛАР НЕЛІКТЕН ДӘЛСІЗ БОЛДЫ
Бұған дейін ақпараттық кеңістікте жарияланған сарапшылық бағалар тек 2026 жылғы қаңтар деректеріне негізделген болатын. Алайда 2025 жылғы IV тоқсан үшін бірқатар негізгі төлемдердің төлеу мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға келді.
Бұл түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде дәл ақпан айының қорытындысы бойынша қалыптасатынын білдіреді.
Тиісінше, қаңтардағы деректер екі айлық кезеңдегі кірістердің нақты көлемін көрсетпеді.
Фонд-бюро расследования коррупции