Skip to main content

«Самұрық-Қазына» 2024 жылы мемлекеттік бюджетке және әлеуметтік жобаларға 1,3 трлн теңге аударды

Submitted by Вера Александрова on

«Самрук-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ биылғы жылы мемлекеттік қазынаға бағыттаған қаражат туралы есеп берді.

Инвестициялық холдингтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы Қор үкіметке 1,3 трлн теңге бағыттаған. Оның ішінде: 

  • 579 млрд теңге республикалық бюджетке дивидендтер түрінде;
     
  • 228 млрд теңге үкімет тапсырмалары аясында әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға. Қаражат медициналық орталықтарды, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үйлерді және өзге де әлеуметтік жобаларды салуға бағытталды; 
     
  • 105 млрд теңге экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында елді мекендерді газдандыруға; 
     
  • 272 млрд теңге экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында жалдамалы тұрғын үй салу бағдарламасын қаржыландыруға; 
     
  • 10 млрд теңге қайырымдылыққа (жыл сайын қайырымдылыққа бөлінетін сома); 
     
  • 22 млрд теңге су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмекке; 
     
  • 50 млрд теңге «Қазақстан Халқына» ҚҚ-на аудару жоспарлануда.

Үкімет шешімі аясында 2023 жылға қосымша дивидендтер төлеу көзделмегені атап өтіледі.

Сонымен қатар, бүгін «Самрук-Қазына» АҚ 53,5 трлн теңгеден асатын сомаға 130 инвестициялық жобаны іске асырып жатқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ФБРК редакциясы инвестициялық холдингке кіретін ұлттық компаниялардың топ-менеджерлерін сыйақыландыру мөлшері, атап айтқанда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самрук-Энерго» АҚ, «Қазпошта» АҚ«Қазақстан темір жолы» АҚ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және «Air Astana» АҚ туралы жазған болатын. 

Қазақстанның ұлттық компаниялары атқарушы органдары мүшелерінің жалпы сыйақы мөлшері туралы материалдар сериясымен осында танысуға болады.