Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде бюджет қаражатын жымқыру схемасы ашылды.
Telegram-арнасының «HALYQSTAN» мәліметінше, мекеменің бухгалтері мен бас бухгалтері екі жылдан астам уақыт бойы жоқ қызметкерлерге жалақы есептеп, ақшаны өз шоттарына аударған.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 млн 990 мың теңгені құрады. Экономикалық тергеу департаменті тергеу құпиясына байланысты жалған қызметкерлердің саны мен лауазымдары жарияланбайтынын нақтылады.
Белгілі болғандай, ауданның Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрамына 34 кітапхана кіреді. Мұндағы кітапханашының орташа жалақысы шамамен 164 мың теңгені құрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде екі мектептің бұрынғы бас бухгалтері сотталған болатын. Ол өзіне жалақыны көтеріп алып, артық есептелген сомаларды қайтаруды сұрап, қызметкерлер арқылы ақша алғаны хабарланды.
Іске қатысқандар арасында дене шынықтыру мұғалімі, сондай-ақ слесарь мен электрик үшеуі болды. Барлығы бухгалтерге 21 миллион теңгеден астам ақша берген.
Фонд-бюро расследования коррупции