Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы Жайрем кентіндегі «Балдырған» балабақшасының бухгалтері бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бухгалтер жұмысшылардың шоттарына негізсіз жоғары жалақы аударған. Заңсыз аударылған қаражаттың жалпы сомасы 15,9 млн теңгені құрады.
Сот балабақша бухгалтерін ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету» бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл шартты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, оған 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының прокуратурасы анықтағандай, «Күйкен» балабақшасының директоры мен бухгалтері ата-аналардың жарналарын өз шоттарына заңсыз аударып отырған. Нәтижесінде мемлекетке 12 млн теңгеден астам залал келтірілген.
Фонд-бюро расследования коррупции