Атырау облысының прокуратурасы Солтүстік Каспий жобасының операторы «North Caspian Operating Company» (NCOC) қызметінде экологиялық рұқсатсыз алаңдарда шикі газды нормадан тыс жағу фактілерін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жер қойнауын пайдаланушы ҚР ӘҚБтК-нің 356-бабы бойынша («Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3,6 млрд теңге көлеміндегі экологиялық залал толық өндірілді.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Астанада сот Қашаған кен орнындағы экологиялық бұзушылықтар үшін NCOC-тен 3,5 млрд теңгеден астам соманы өндіріп алу туралы қаулы шығарған болатын.
Сәуір айында хабарланғандай, Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі 2022–2024 жылдары «Теңізшевройл», NCOC, «Каспий Мұнай» және «Маңғыстаумұнайгаз» мұнай өндіруші компанияларына жалпы сомасы 61,1 млрд теңгеден астам айыппұл салған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции